Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Зейнетке жақындаған қызметкерлердің еңбек құқығы қалай қорғалады

gurk.kz

Зейнетке жақындаған қызметкерлердің еңбек құқығы қалай қорғалады

Көп жылдық еңбек өтілі бар адам үшін зейнеткерлік жасқа жақындау болашақ зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерімен ғана емес, сонымен қатар жұмыс орнын, тұрақты жалақыны және көзделген әлеуметтік кепілдіктерді сақтау маңыздылығымен де байланысты. Бұл ретте қызметкердің «зейнеткерлік алдындағы» жасқа толу фактісі оның еңбек құқықтарына нұқсан келтіру не еңбек қатынастарын тоқтату үшін негіз бола алмайды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Исмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ведомство басшысының айтуынша, заңнама зейнеткерлікке шыққанға дейін бірнеше жыл қалған барлық жұмысшылар үшін бірыңғай «зейнеткер» мәртебесін және автоматты түрде қосымша кепілдіктерді белгілемейді.

Зейнеткерлік алдындағы жас, белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуден айырмашылығы, жұмыстан шығаруға негіз бола алмайды.«Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 24-тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзуға қызметкер Әлеуметтік кодексте белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде жол беріледі. Бұл ретте Еңбек кодексінің 53-бабының 9-тармағы маңызды кепілдіктерді көздейді: жұмыс беруші қызметкерді бұзылған күнге дейін кемінде бір ай бұрын хабардар етуге, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлеуге тиіс.

«Зейнеткерлік алдындағы» және зейнеткерлік жасты ажырата білу маңызды: біріншісі белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі кезеңді, ал екіншісі еңбек шартын тоқтатуға болатын кезеңді білдіреді.

Еңбек кодексінде белгіленген рәсімді қатаң сақтаған жағдайда ғана «зейнеткерлік алдындағы» жастағы қызметкерлерді қысқартуға жол беріледі», – дейді Ерлан Исмағұлов.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толғанға дейін екі жылдан аз қалған қызметкерлер үшін ерекше кепілдік белгіленген.

Оларды санның немесе штаттың қысқаруына байланысты немесе жұмыс берушілер мен жұмысшылар өкілдерінің тең санынан тұратын комиссияның оң шешімінсіз біліктілігінің жеткіліксіздігі себебінен атқаратын лауазымының сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығаруға болмайды.

«Арнайы кепілдік зейнеткерлік жасқа дейін екі жылдан аз қалған қызметкерлерге қолданылады. Бұл ретте ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің басқа құжаттарында белгіленген қосымша кепілдіктер де қолданылуы мүмкін.Егде жастағы қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына, еңбекті қорғауға және жұмыс жағдайлары туралы сенімді ақпаратқа құқығы бар. Егер денсаулық жағдайы белгілі бір жұмысты орындауға мүмкіндік бермесе, шешім Жұмыс берушінің пікірі емес, медициналық қорытынды негізінде қабылданады. Жастың өзі қызметкерді еңбекке жарамсыз деп тануға негіз бола алмайды.

Еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қызметкер жұмыс берушінің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдануға және өз құқықтарын заңдарда тыйым салынбаған барлық тәсілдермен қорғауға құқылы. «Зейнеткерлік алдындағы» жас қызметкердің еңбек құқығын шектемейді. Еңбек кодексінің 6-бабы жасы бойынша еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салады», – деп департамент басшысы сөзін түйіндеді.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
9 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей