Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Жапонияда өтетін Азия ойындарында ел намысын 77 елордалық спортшы қорғайды

gurk.kz

Жапонияда өтетін Азия ойындарында ел намысын 77 елордалық спортшы қорғайды

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында құрлықтағы ең ірі спорттық додалардың бірі – XX жазғы Азия ойындары (Aichi-Nagoya 2026) өтеді. Азия ойындарының бағдарламасына 43 спорт түрі енгізілген. Жарыс барысында барлығы 460 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Байрақты бәсекеде Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында Астана қаласынан 77 спортшы 30 спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық спортшылар жекелей және командалық жарыстарда ел намысын қорғап, жүлделер үшін таласады.5×5 баскетболдан әйелдер арасындағы жарыста Астана атынан Дарья Королева, Валерия Капитонова, Тамара Нойок, Анна Безгодова, Оксана Нұрбаева, Дарья Цуканова және Анастасия Алишускайте өнер көрсетеді. Ерлер арасында Асқар Майдекин мен Рустам Мырзағалиев сынға түседі. 3×3 баскетболдан ұлттық құрама сапында Алижан Ыдырысжан өнер көрсетеді.

Көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы, Ақмарал Ерекешева, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Айзере Нұрмағамбетова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай жүлдеге таласады. Спорттық гимнастикадан Әмина Халимарден, Амели Мұқышева және Дмитрий Патанин бақ сынайды.

Гандболдан әйелдер құрамасы сапында Аида Жапарова, Жанерке Қуандыкова және Мадина Мырзамсейітова өнер көрсетеді.Су добынан ұлттық құрама сапына Әділ Балтабекұлы, Душан Маркович, Срджан Вуксанович және Юлиан Вердеш енген. Жүзуден Әділбек Мусин, ал суға секіруден Кирилл Новиков ел намысын қорғайды.Әртістік жүзуден Әйгерім Құрманғалиева, Жаклин Якимова, Анна Павлецова және Валерия Столбунова сынға түседі.Академиялық ескек есуден Ярослав Мельников, Бапан Асханбек, Артем Матусевич, Тимур Фомичев, Бауыржан Сұлтанов, Мария Чернец және Екатерина Носкова жарыс жолына шығады. Байдарка мен каноэде ескек есуден Эвелина Костенко өнер көрсетеді.Триатлоннан Диана Ержанова мен Аида Ким бақ сынайды.

Жекпе-жек спорт түрлерінде де елордалық спортшылар бірнеше бағыт бойынша сынға түседі. Бокстан Айбек Оралбай мен Нұрбек Оралбай, джиу-джитсудан Мерей Кабдуллаев пен Галина Дуванова, еркін күрестен Ризабек Айтмұхан, әйелдер күресінен Ирина Кузнецова, таеквондо WT-дан Тоғжан Қазынабек ел намысын қорғайды.

Нысана көздеу спортынан да елорда өкілдері бақ сынайды. Стенд атудан Адель Садакбаева, оқ атудан Кирилл Цуканов жарысқа қатысады.Семсерлесуден Назарбай Саттархан сынға түседі. Ат спортынан Олег Соколенко, Раиса Соколенко және Нұрила Тұрысбекова өнер көрсетеді.Брейкингтен Саёра Алибекова мен Амир Закиров бақ сынайды.

Теннистен Анна Данилина, Соня Жиенбаева, Юлия Путинцева, Тимофей Скатов және Александр Шевченко елорда атынан сынға түседі. Үстел теннисінен Кирилл Герасименко өнер көрсетеді.

Паделден Әйгерім Сүлеймен, Мария Синицына және Родион Пак Азия ойындарының жүлдесі үшін таласады.Спорттық құзға өрмелеуден Амир Маймұратов, жеңіл атлетикадан Виктория Ан, велоспорттан Рамис Дінмұхаметов пен Дмитрий Резанов сынға түседі.

Скейтбордингтен Альфируз Эшматов өнер көрсетеді. Киберспорттан Рафа Бердалы, Қаныш Әбікенов, Бекзат Ахамбаев және Сардар Ерекенев елорда намысын қорғайды.

Осылайша, Астана спортшылары XX жазғы Азия ойындарында олимпиадалық спорт түрлерімен қатар, құрлықтық доданың бағдарламасына енген бірқатар жаңа спорт түрлерінен де жүлдеге таласады.Айта кетейік, 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында Астана қаласынан 46 спортшы 18 спорт түрінен сынға түскен болатын. Сол додада елордалық спортшылар 10 медаль – 1 алтын, 3 күміс және 6 қола иеленді.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
9 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей