Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Астанада студенттерге отбасылық қарым-қатынас жайлы айтылды

gurk.kz

Астанада студенттерге отбасылық қарым-қатынас жайлы айтылды

Астанада Отбасы күні қарсаңында студенттерге арналған интерактивті тренинг өтті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылған кездесуде жастарға болашақ отбасындағы өзара сыйластық, сенім, жеке шекара және жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Республикалық Аналар алқасының өкілдері, психолог Серікгүл Сали, университет оқытушылары мен студенттер қатысты.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Республикалық Аналар алқасы төрағасының кеңесшісі Камал Әлпейісова отбасы мен тәрбиенің адам өміріндегі рөліне тоқталды.

«Аналардың басты мақсаты – ұл-қыздарының бақыты. Ал ер адам мен әйел адамның болашақтағы жолы қосылғаннан кейін аналар сол жолдың ұзақ, бақытты, нұрлы болғанын тілейді. Ал ол көп нәрсеге байланысты. Ол ұлдың да, қыздың да ақылына, өмірде көргеніне, түйгеніне және содан сабақ ала білуіне байланысты», – деді ол.

Сондай-ақ ол жастардың өмірлік тәжірибеден сабақ алып, отбасы мен ұстаздардан алған тәрбиенің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, адамның болашақтағы таңдауы мен өмір жолына қалыптасқан құндылықтар тікелей әсер етеді.

Ал психолог Серікгүл Сали жастар арасындағы қарым-қатынаста жиі кездесетін мәселелерге тоқталып, отбасылық өмірде бір-бірін құрметтеу, ашық сөйлесу және жеке таңдауына түсіністікпен қараудың маңызын түсіндірді.

«Ешқашан адамды өзгертемін деп отбасы құрмаймыз. Отбасын құрған соң бір-бірімізді өзгертуге тырыспай, бірге дамып, бірге өсеміз. Бірлесіп даму, бірлесіп өсу, бірлесіп өз әлеуетімізді жүзеге асыру маңызды», – деді психолог.

Тренинг барысында қаржылық мәселелерді жасыру, өтірік айту, серіктесінің жеке шешімдеріне араласу, опасыздық сияқты әрекеттердің қарым-қатынасқа кері әсері талқыланды. Сонымен қатар адалдық, ашық сөйлесу, өзара қолдау, жауапкершілік және жеке шекараны құрметтеу салауатты отбасылық қарым-қатынастың негізі ретінде атап өтілді.

Кездесу барысында студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Интерактивті формат жастарға болашақ отбасылық өмірге қатысты маңызды мәселелерді талқылап, түрлі өмірлік жағдайларға өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік берді.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
8 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей