Ұшу аппараттары мен әскери машиналар: Астанадағы Леонардо да Винчи көрмесі аяқталуға жақын
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті ойшылы Леонардо да Винчидің өмірі мен ғылыми ізденістеріне арналған «Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance» халықаралық көрмесі 20 қыркүйек күні өз жұмысын аяқтайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көрмеде Рим мен Флоренция музейлерінен әкелінген, Леонардо да Винчидің сызбалары мен әйгілі «Винчи кодекстеріндегі» жазбалары негізінде қалпына келтірілген 40-тан астам толық көлемді механизм үлгісін көруге болады.
Экспонаттар арасында ұшу аппараттары, инженерлік құрылымдар, әскери машиналар және өзге де құрылғылар бар. Олардың идеялары өз дәуірінен бірнеше ғасыр алға озып, кейін заманауи технологиялардың негізіне айналды.
Көрме экспозициясы шамамен 3 мың шаршы метр аумақты алып жатыр және ауа, су, жер мен от тақырыптарына арналған бірнеше аймаққа бөлінген.
Сондай-ақ көрмеде ғалымның әйгілі туындыларының репродукциялары, LED-туннель, цифрлық проекциялар мен голографиялық инсталляциялар ұсынылған.Көрменің аяқталуына екі аптадан аз уақыт қалды.
Көрме Бейбітшілік және келісім сарайында, Тәуелсіздік даңғылы, 57 мекенжайында өтіп жатыр. Жұмыс уақыты: күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, демалыссыз.
Көрме Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. Ұйымдастырушы – «Астана Концерт» компаниясы.
Билетті Бейбітшілік және келісім сарайының кассасынан және Ticketon.kz сайтынан алуға болады.
Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
8 сентября 2026