Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қостанай облысында есірткіге қарсы күрес шаралары пысықталды

gurk.kz

Қостанай облысында есірткіге қарсы күрес шаралары пысықталды

Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері өңірлік басқарманың қызметін бағалау мақсатында Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен барды.

Алғашқы күні комитет төрағасы Данияр Мейрхан басқарма жеке құрамымен кездесіп, қазіргі нәтижелерді, ұйымдастырушылық мәселелерді және жедел-қызметтік жұмыстың тиімділігін одан әрі арттырудың басымдықтарын талқылады.

Ол қызметкерлерге атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіріп, кадрлық әлеуетті және материалдық-техникалық базаны нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кинологиялық орталықтың жұмысына ерекше назар аударылды. Қызметтік иттерді ұстау мен даярлау, сондай-ақ кинологиялық қызметті дамыту мәселелері қаралды.

- Есірткі қылмысына қарсы күрес жоғары дайындықты және үздіксіз жетілдіруді талап етеді. Қызметкерлердің кәсібилігін де, көмекші бөлімшелерді де, соның ішінде кинологиялық қызметті дамыту маңызды, — деді Данияр Мейрхан.

Жұмыс сапары алдағы күндері де жалғасады. Оның барысында бөлімшелердің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша кездесулер мен іс-шаралар жоспарланған.

Источник: Министерство внутренних дел Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
17 сентября 2025

Новости по теме

Больше новостей