Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Жат діни идеологтардың арбауынан алшақ болу

gurk.kz

Жат діни идеологтардың арбауынан алшақ болу

Қазіргі таңда қоғамның барлық сала қызметкерлерінің діни сауатын арттыру және теріс діни ағымдардан сақтандыру мақсатында түрлі кездесулер мен түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Осы бағытта, Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің социолог маманы А. Ахметова Ж.Шанин атындағы облыстық драма театры қызметкерлеріне «Жат діни идеологтардың арбауынан алшақ болу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – өнер қызметкерлерімен діни радикализмнің әлеуметтік-психологиялық себептері, мәдениет саласындағы құндылық дағдарысы және қоғамда рухани иммунитет қалыптастыру тетіктері туралы мазмұнды ақпарат ұсынып, Қазақстан жастарын радикалды діни ағымдарға тартуға жол бермеу болып табылады.

Өткізілген семинарға аталған мекеменің барлығы 70-тен аса өнер қызметкерлер қатысты

Кездесуде, дәстүрлі құндылықтар мен ата-бабамыздың салт-дәстүрі жайлы ой толғанып, діни теріс ағымдардың ұлттық құндылықтарымызға келтіретін зияны жеткізілді және оған қарсы мотивациялық дәріс оқыды.

Материал Шымкент қаласы бойынша

Терроризмге қарсы комиссия аппаратының

ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
12 июля 2025

Новости по теме

Больше новостей