Түркістан облысында жастар арасында терроризмнің алдын алу мақсатында «Терроризмге жол жоқ» атты акциясы ұйымдастырылып өткізілді

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің бастамасымен Терроризмге қарсы комиссия аппаратының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Терроризмге жол жоқ» атты ауқымды акциясы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың радикалды идеологиялар мен терроризмге қарсы санасын қалыптастыру, бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылықты насихаттау болды. Акция аясында жастарға арналған ақпараттық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылып, экстремизм мен терроризмнің зияны туралы қойылымдар қойылды.
Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жолдасов Зұлпыхар Сансызбайұлы сөз сөйлеп, еліміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда жастардың рөлі зор екенін атап өтті. Ол өз сөзінде жастарды құқықтық сауаттылыққа, патриоттық тәрбие мен қоғамдағы бейбітшілік құндылықтарын бағалауға шақырды.
Жастар тарапынан қызу қолдау тауып, өңірдегі түрлі білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Июль, 11
-
-
-
-
-
-
Новости по дням
12 июля 2025