Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

ЖҮРЕККЕ ҚАМҚОРЛЫҚ: ӘРҚАЙСЫМЫЗДАН БАСТАЛАТЫН ПРОФИЛАКТИКА

gurk.kz

ЖҮРЕККЕ ҚАМҚОРЛЫҚ: ӘРҚАЙСЫМЫЗДАН БАСТАЛАТЫН ПРОФИЛАКТИКА

Бүгін – Дүниежүзілік жүрек күні. Осыған орай жүрек-қантамыр аурулары әлемде өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып қала беретінін атап өткен маңызды.

Сонымен қатар қауіп факторларының басым бөлігін бақылауда ұстауға болады. Артериялық қысымның жоғары болуы, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі, артық салмақ және қант диабеті – ықпал етуге болатын әрі ықпал ету қажет факторлар.

Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыс нақты нәтижелер беріп отыр. Соңғы бес жылдың ішінде қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 35,1%-ға, сырқаттанушылық шамамен 15%-ға төмендеді.

Оң динамика 2026 жылы да сақталуда. Алты айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық:• қанайналым жүйесі аурулары бойынша – 2,4%-ға;• артериялық гипертензия бойынша – 6,7%-ға;• жүректің ишемиялық ауруы бойынша – 6,6%-ға;• инсульт бойынша – 2,3%-ға төмендеді.

Бұл нәтижелер кардиологиялық және инсульттік қызметтерді дамыту бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі. Елде бейінді орталықтардың желісі кеңейтіліп, жоғары технологиялық операциялардың көлемі ұлғаюда, жедел медициналық көмек жетілдірілуде, инфаркт пен инсультті емдеудің заманауи хаттамалары енгізілуде.Алайда мемлекеттік шаралар әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қараған жағдайда ғана тиімді болады.

Артериялық қысымыңыз бен қандағы қант деңгейін тұрақты түрде өлшеп тұрыңыз, профилактикалық тексерулерден өтіңіз, көбірек қимылдаңыз, темекі шегуден бас тартыңыз және дұрыс тамақтануды ұстаныңыз.

Источник: Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
29 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей