Астанада колледж студенттері «WorldSkills Shanghai 2026» халықаралық чемпионатына қатысады
Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері «WorldSkills Shanghai 2026» халықаралық чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Халықаралық кәсіби шеберлік додасына елордадан төрт қатысушы төрт құзыреттілік бойынша бақ сынайды.• «WEB-технологиялар» құзыреттілігі бойынша – Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі» ШЖҚ МКК студенті Мұхаметжан Ағыбай;• «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша – аталған колледждің студенті Нұрлан Рамазан;• «Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша – Астана қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК студенті Мағи Нұрай Жардемханқызы;• «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша – осы колледждің студенті Кадикен Жанерке Айдосқызы.
Чемпионат барысында қатысушылар өздерінің кәсіби білімін, практикалық дағдыларын және заманауи технологияларды меңгеру деңгейін халықаралық сарапшылар алдында көрсетеді.
Астана қаласының атынан халықаралық чемпионатқа 8 сарапшы да қатысады. Олар «Мехатроника», «WEB-технологиялар», «IT желілік жүйелерін басқару», «Графикалық дизайн технологиясы», «Наубайхана ісі», «Қабырға және еден қаптау», «Сантехника және жылыту» және «Шаштараз ісі» құзыреттіліктері бойынша сарапшылық жұмыс жүргізеді.
WorldSkills қозғалысы – жастардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беретін халықаралық алаң. Мұндай чемпионаттар студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, отандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің халықаралық кәсіби стандарттармен сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.
Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
22 сентября 2026