Reels, визуал және жасанды интеллект: Астанада ҮЕҰ өкілдеріне контент жасау жолдары көрсетілді
Астанада ҮЕҰ өкілдеріне «Үлкен командасыз контент жасау: Reels, визуал және ҮЕҰ үшін контент жасаудың заманауи құралдары» тақырыбында әлеуметтік желіде контент жасау тәсілдері үйретілді. Тренинг барысында қатысушылар Reels әзірлеу, визуалды материал дайындау және әлеуметтік жобаларды ақпараттық сүйемелдеудің заманауи құралдарымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«ҮЕҰ өкілдері көптеген маңызды жұмыс атқарады. Алайда кейде сол еңбегін әлеуметтік желі арқылы дұрыс көрсете алмай жатады. Семинардың мақсаты – күрделі тәсілдерсіз сапалы контент жасау жолдарын көрсету», – деді тренинг спикері, жаңа медиа саласының сарапшысы Ұлан Әбішев.
Айта кетейік, NGO Academy оқу курсы 7-19 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Бағдарлама аясында әлеуметтік жобалау, гранттық қаржыландыру, фандрайзинг, қаржылық және құқықтық сауат, PR, цифрлық құралдар және жасанды интеллект бағыттары қамтылған.
Оқу курсының қорытындысы бойынша қатысушылар өзінің әлеуметтік бастамасын таныстыра алады. Үздік деп танылған бес жобаға оларды іске асыру үшін әрқайсысына 500 мың теңгеден грант беріледі.
Айта кетейік, жыл сайынғы «NGO Academy: ҮЕҰ-ны басқару мен дамытудың заманауи құралдары» оқу курсын «Даму» Қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша ҮЕҰ-ларға арналған Азаматтық (ресурстық) орталықтың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізіп келеді.
Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
11 сентября 2026