Астанада оқушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаты түсіндірілді
Астана қаласындағы №36 жалпы орта білім беретін мектепте «Заң мен тәртіп» қағидалары түсіндірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы құқықтық сауаттылық, заң нормаларын сақтау, айналаға құрметпен қарау, елдің дамуы үшін күш жігер салу. Сондай-ақ болашақ ұрпаққа құқықтық мемлекетті өркендету жолына атсалысу діттелді.
Сонымен бірге, өнерлі жас өрендер шеберліктерін ортаға салды. Соның нәтижесінде әртүрлі түске боялған заттардан құрап, өрнектеп «Заң мен тәртіп» деп аталатын жазуды кескіндеме түрінде жасады.
«Елдегі Заң мен тәртіп қағидаты – жауапты әрі әділ қоғам қалыптастыру үшін өте айрықша орынға ие. Мұны біліп қана қоймай оның негізі мен міндеттерін білу керек. Осының негізінде ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру мектептен басталады. Сондай-ақ өзгені құрметтеу аса маңызды болып саналады. Саналы ұрпақ қалыптастыру елдік мүдде», – деді №36 жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Қабиденқызы.
#законипорядок #заңментәртіп
Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
9 сентября 2026