Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Елордада ASTANA SPORT POWER FEST жобасының екінші маусымы басталады

gurk.kz

Елордада ASTANA SPORT POWER FEST жобасының екінші маусымы басталады

Елордада Спорт күніне орай және «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында ASTANA SPORT POWER FEST жобасының екінші маусымы басталады. Ашық спорттық жоба 15 тамыздан бастап әр сенбі сайын Орталық саябақта өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жобаның алғашқы іс-шарасы 15 тамыз күні сағат 17:00-де Орталық саябақта, Атырау көпірінің маңында ұйымдастырылады.

ASTANA SPORT POWER FEST – спортты, белсенді өмір салтын және бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған ашық алаң. Жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Жоба аясында әр сенбі сайын сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына спорттық және ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады.

Жоба төрт кезеңнен тұрады. Қатысушылар ашық жаттығуларға, спорттық сайыстарға, түрлі байқаулар мен белсенді ойындарға тегін қатыса алады.

Сайыстарда үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарға жоба демеушілерінен бағалы сыйлықтар мен арнайы жүлделер табысталады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба арқылы жастарды салауатты өмір салтына баулу, бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау және есірткісіз қоғам құндылықтарын насихаттау көзделген.

ASTANA SPORT POWER FEST жобасы 15 тамыздан 5 қыркүйекке дейін жалғасады.

Іс-шараларға қатысу тегін. Қала тұрғындары мен қонақтары спорттық белсенділікке қосылып, Спорт күнін бірге атап өтуге шақырылады.Өтетін орны: Орталық саябақ, Атырау көпірінің маңы.

Уақыты: әр сенбі сайын сағат 17:00-20:00.Күні: 15 тамыздан 5 қыркүйекке дейін.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
12 августа 2026

Новости по теме

Больше новостей