Құрылтай сайлауы: Алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы алғашқы үштікте
Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беру аяқталды. Алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы тұрғындарының 90,75 %-ы дауыс беріп, республикада үшінші орынға шықты. Маңызды саяси науқанда қазақстандықтардың 9 352 151-і өз таңдауын жасаған.Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі алдын ала дерегіне сәйкес 74,19% азамат дауыс берді.Еске салайық, өңірімізде 500 591 сайлаушы тізімге енгізіліп, 386 учаскеде 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарды. Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін 4 онлайн сервис, уақытша тіркеу қызметін атқаратын 5 онлайн учаске іске қосылды.Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси, 45 сурдоаудармашы ымдау тілі қызметін көрсетті.Азаматтар өз учаскесін анықтау үшін Call-орталық (109) және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисіне (saylau.orda.gov.kz/ru) жүгінді. Сонымен қатар, telegram-бот (saylaukzo_Bot) және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы үздіксіз жұмыс істеді.
Источник: ГУ «Аппарат акима Кызылординской области»
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
24 августа 2026