Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Террористік қауіптен қорғану жолдары

gurk.kz

Террористік қауіптен қорғану жолдары

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының тұрғындары, «Кеңес», «Ботбай» және «Бірлік» атындағы ЖОМ кәмелетке толмаған оқушыларына терроризм мен экстремизм идеологиялары, терроризмді жасырын уағыздаушылар, жаңа дәуірдегі терроризм және оның алдын алу тәсілдерін түсіндіру сабағы ұйымдастырылды.Іс-шара барысында терроризм мен экстремизм идеологиясының таралу жолдары, жастардың радикалдану процессі және оның салдары туралы түсіндірілді.Жастар – теріс идеологияларды уағыздаушылардың негізгі мақсаты болғандықтан, интернет желілерінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, радикалды контенттерді анықтау тәсілдері туралы сөз қозғалды.Діни білімді алудың расталған көздері, консультациялық қолдау және кәсіби көмекке жүгінуге арналған ресурстар туралы толыққанды мәліметтер берілді.Іс-шара аясында қатысушыларға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған практикалық ұсынымдар, күмәнді діни контентке тап болған кездегі жасалуы тиіс алгоритмдер, сондай-ақ қажетті жағдайда хабарласуға болатын ұйымдардың байланыс деректері көрсетілген ақпараттық материалдар мен жадынамалар ұсынылды.Шара қорытындысымен жауапты мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға мардымды жауаптар берілді.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
9 октября 2026

Новости по теме

Больше новостей