Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Абай бол – абзал жан!

gurk.kz

Абай бол – абзал жан!

Түркістан облысында Түлкібас, Сайрам, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандық орталық ауруханалардың қызметкерлеріне арналған терроризм қаупі туындаған кезде жасалуы тиіс алгоритм және террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптарды түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға аудандық ҰҚК қызметкерлері мен аудандық ТҚК мүшелері арнайы қатыстырылды және ҚР ҰҚК ТҚО Штабымен ұсынылған террористік қауіптердің түрлері мен оларға қарсы әрекет ету алгоритм реттіліктері түсіндірілді.

Аталған бағытта ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімімен арнайы дайындаған түсіндірме профилактикалық бейнеролик көрсетіліп, қызметкерлер арасында таратылды.

Сонымен бірге, кездесу барысында қызметкерлерге терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтау, террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауды ұйымдастыру тәртібі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 14 қазандағы №83 бұйрығымен бекітілген нұсқаулықтың негізгі талаптары жеткізілді.

Сонымен қатар, жарылғыш құрылғылар, қарулы шабуыл жасалған немесе кепілге алу жағдайлары оран алған кезде қабылданатын шұғыл іс-қимылдар бойынша нақты мысалдар келтірілді.

Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толыққанды жауаптар берілді.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
9 октября 2026

Новости по теме

Больше новостей