«Таза жағалаулар»: Астанада Сарыбұлақ өзенінің жағалауында экологиялық акция өтті
Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сарыбұлақ өзенінің жағалауында «Таза жағалаулар» атты экологиялық акция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараны Экология департаменті еріктілермен бірлесіп ұйымдастырды. «Бүгін біз «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында осы жағалауды тазартып жатырмыз. Еріктілеріміз бен белсенділеріміз бірігіп өзен жағасын қоқыстан тазартып жатыр. Акцияның негізгі мақсаты қоршаған ортаның тазалығын сақтау және су айдынының экологиялық жағдайын жақсарту», – деді Астана қаласы бойынша экологиялық департаментінің басшысының орынбасары Жанбатыр Әлімжан.
Мұндай экологиялық іс-шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan
Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
12 сентября 2026