Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

МАҢҒЫСТАУДА АЛҒАШ РЕТ ТУҒАНЫНА 16 КҮН БОЛҒАН НӘРЕСТЕГЕ КҮРДЕЛІ НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ

gurk.kz

МАҢҒЫСТАУДА АЛҒАШ РЕТ ТУҒАНЫНА 16 КҮН БОЛҒАН НӘРЕСТЕГЕ КҮРДЕЛІ НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында менингорадикулоцеле диагнозымен дүниеге келген 16 күндік нәрестеге алғаш рет күрделі нейрохирургиялық операция жасалды. Ота барысында заманауи медициналық технологиялар қолданылып, сәбидің жүйке жүйесінің қызметін бақылау және операция кезінде ықтимал асқынулардың алдын алу мақсатында интраоперациялық нейромониторинг жүргізілді. Күрделі хирургиялық араласуды нейрохирург дәрігер Орын Ахмет Қайратұлы орындады. Отаға ассистент ретінде Кенжевалов Ербол Сайлауұлы қатысты. Интраоперациялық нейромониторингті невропатолог Мулдашева Ботагөз Сапарқызы қамтамасыз етті. Анестезиологиялық қамтамасыз етуді анестезиолог-реаниматолог Дүйсенбек Амангелді Әшімханұлы жүргізді. Медицина мамандарының кәсіби біліктілігі, мол тәжірибесі және өзара үйлесімді жұмысының нәтижесінде операция сәтті аяқталды. Операциядан кейін нәресте дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, қажетті емдік шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Нәресте ауруханадан үйіне шығарылды. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта балаға жоспарлы түрде үздіксіз оңалту шаралары жүргізіледі. Нәресте нейрохирург, невропатолог, уролог және ортопед мамандарының тұрақты бақылауында болады. Бұл операция Маңғыстау облысында жаңа туған нәрестелерге күрделі және жоғары технологиялық нейрохирургиялық медициналық көмекті жергілікті деңгейде көрсету мүмкіндіктерінің кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мамандары үшін бұл – балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Күрделі операцияны жоғары кәсіби деңгейде орындаған медицина мамандарына жауапкершілігі, кәсіби шеберлігі және үйлесімді еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Бүлдіршінге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және толық сауығып кетуін тілейміз!

Источник: Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
11 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей