Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде: Астанада 11 жастағы мектеп оқушысы 850-ден астам кітап оқыған

gurk.kz

Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде: Астанада 11 жастағы мектеп оқушысы 850-ден астам кітап оқыған

Астаналық оқушы 800-ден астам кітап оқып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

11 жастағы Алтынай Өтеубаева – кітап оқуды бала кезінен серік еткен астаналық оқушы. Ол бүгінге дейін төрт тілде – қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде 853 кітап оқып үлгерген.

Алтынай кітапқа төрт жасынан қызыға бастаған. Әсіресе шытырман оқиғаларға негізделген шығармаларды ұнатады. Оқыған кітаптарының мазмұнын еркін баяндап, кейіпкерлері мен оқиғалары туралы қызыға әңгімелейді.

Оқушы қазақ, ағылшын және француз тілдеріндегі кітаптарды еркін оқиды. Шет тіліндегі әдебиеттерді ата-анасы арнайы Ұлыбританиядан алдырып отырған.

Алтынай бұған дейін Астана қаласындағы №17 мектеп-гимназиясында білім алған. Биыл өзінің білімге деген қызығушылығы мен ізденісін жаңа ортада жалғастырып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы атанды.

Кітапты жастайынан өмірінің бір бөлігіне айналдырған Алтынайдың мақсаты – оқуды тоқтатпай, жаңа шығармалармен танысып, білім көкжиегін кеңейту.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
8 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей