Күніне 3 кітапқа дейін: астаналық отбасы кітап оқуды өмір салтына айналдырған
Манаш Әліби Рсалыұлының отбасы – кітап оқуды отбасы құндылығына айналдырған, бала тәрбиесінде кітапқа ерекше мән беретін, көпбалалы өнегелі отбасылардың бірі. Биыл жазғы каникулда отбасы мүшелері 500 кітап оқыған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Отбасының анасы – тарих пәнінің мұғалімі, ал әкесі – теміржол саласының қызметкері әрі мектептің Әкелер кеңесінің белсенді мүшесі. Ол бала тәрбиесіне қатысты мектепішілік бастамаларға тұрақты қатысып, әкелік тәрбие мен отбасылық құндылықтар жөнінде өз тәжірибесімен бөлісіп келеді.
Бұл отбасының ерекше ұстанымы – балаларды ерте жастан кітапқа баулу және телефонға тәуелділікті барынша шектеу. Үйінде көлемді жеке кітапхана қалыптасқан. Әкесі балаларының 18 жасқа дейін оқитын кітаптарын өзі таңдайды. Оның пікірінше, баланың дүниетанымы мен құндылықтары қалыптасатын кезеңде қандай кітап оқитыны аса маңызды.
«Бала тек көп кітап оқып қана қоймай, дұрыс кітап оқуы керек. Кітап та тәрбиелейді. Сондықтан 18 жасқа дейін балаларымның оқитын кітаптарын өзім таңдаймын», – дейді әкесі.
Жазғы демалыс кезінде кітап оқу бұл отбасы үшін ерекше дәстүрге айналған. Әр бала күніне 3 кітапқа дейін оқып, кейін отбасы мүшелері бірге отырып оқыған шығармаларын талқылайды. Балалар кітаптың негізгі ойын айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға беріп, өз пікірлерімен бөліседі. Осы арқылы олардың тек оқу дағдысы ғана емес, ойлау, талдау, сөйлеу және өз ойын еркін жеткізу қабілеттері де дамиды.
Жазғы демалыс басталғанда отбасы алдағы уақытта оқитын кітаптарын алдын ала таңдап, арнайы кітап қорын дайындайды. Бір жазғы демалыстың өзінде отбасы болып жүздеген кітап оқыған, ал балаларының бірі бүгінде 2300-ге жуық кітап оқып үлгерген.Бұл отбасында кітап оқу – тапсырма немесе міндет емес, күнделікті өмір салты, тәрбие құралы және отбасы мүшелерін біріктіретін ортақ құндылық.
Манаш Әліби Рсалыұлының отбасы – «Кітап оқитын ұлт» идеясын күнделікті өмірінде нақты жүзеге асырып жүрген, қала көлемінде насихаттауға және өзге отбасыларға үлгі етуге лайық кітапқұмар отбасы.
Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
7 сентября 2026