Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Астанада есірткінің зияны туралы ауқымды профилактикалық акция өтті

gurk.kz

Астанада есірткінің зияны туралы ауқымды профилактикалық акция өтті

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында тұрғындарды есірткінің зияны туралы ақпараттандыруға бағытталған ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны полиция қызметкерлері Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы, Білім басқармасы, Есіл ауданы әкімдігі және «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп өткізді.

Акция барысында тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында арқан тарту, секіртпемен секіру және кір тасын көтеру сияқты ұлттық әрі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар тұрғындар арасында есірткінің алдын алу тақырыбында сауалнама жүргізіліп, зиянды әдеттердің салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы мәліметтер қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ шара аясында «Жасыл желкен» қоғамдық қоры тұрғындарға тегін құқықтық консультация берді. Акцияның ерекше сәттерінің бірі – полицияның робот-итінің мүмкіндіктерін көпшілікке таныстыру болды. Сондай-ақ балалар мен жастардың қызығушылығын арттырған Тазабек пен Тәртіпбек маскоттары профилактикалық жұмысты тартымды форматта насихаттауға атсалысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру, жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру.

#законипорядок #заңментәртіп

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
3 августа 2026

Новости по теме

Больше новостей