Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Елорданың су айдындарында қауіпсіздікке байланысты рейдтер жүріп жатыр

gurk.kz

Елорданың су айдындарында қауіпсіздікке байланысты рейдтер жүріп жатыр

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарында тұрақты түрде профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Рейд барысында азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары бойынша түсіндіру жүргізілді.

Рейд қорытындысы бойынша судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған және шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана суға түсуге, сондай-ақ балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға шақырады.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
29 июля 2026

Новости по теме

Больше новостей