Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Академиялық ескек есуден әлем чемпионатындағы тұңғыш медаль: елордалық спортшы елге оралды

gurk.kz

Академиялық ескек есуден әлем чемпионатындағы тұңғыш медаль: елордалық спортшы елге оралды

Академиялық ескек есуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Артём Матусевичті Астана халықаралық әуежайында туған-туыстары, достары, жанкүйерлері, әріптестері, жаттықтырушылары мен спорт қауымдастығының өкілдері зор құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Германияның Дуйсбург қаласында өткен әлем чемпионатында Артём Матусевич Қазақстан тарихындағы академиялық ескек есуден әлем чемпионатының жүлдесін жеңіп алған тұңғыш спортшы атанды. Бұл – отандық ескек есу спорты үшін тарихи жетістік.

«Бұл медаль – менің ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Әлем чемпионатында еліміздің туын көтеріп, тарихи нәтиже көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Осындай жетістікке жету үшін ұзақ жылдар бойы күн сайын тынымсыз еңбек еттік. Әр жаттығудың, әр жарыстың өзіндік қиындығы болды. Бірақ мен әрдайым Қазақстанның атын халықаралық аренада танытуды мақсат еттім. Бүгін сол еңбектің нәтижесін көріп тұрғаныма өте қуаныштымын. Ең алдымен жаттықтырушыларыма, командама, отбасыма және әрдайым қолдау көрсеткен жанкүйерлерге шын жүректен алғыс айтамын. Осындай сенімнің арқасында үлкен нәтижеге қол жеткіздім. Бұл жүлде Қазақстандағы академиялық ескек есу спортының дамуына жаңа серпін береді деп сенемін. Алда бұдан да ірі жарыстар бар. Сондықтан тоқтап қалмай, елімізге тағы да жоғары дәрежедегі медальдар сыйлау үшін бар күшімді саламын», – деді Артём Матусевич.

Айта кетейік, Германияның Дуйсбург қаласында өткен U23 санатындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы бақ сынады. Солардың ішінде Артём Матусевич қола жүлдеге ие болып, академиялық ескек есу тарихындағы ел қоржынына түскен алғашқы әлем чемпионатының медалін сыйлады.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
27 июля 2026

Новости по теме

Больше новостей