КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ 5 ЖЫЛ МЕРЗІМГЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ
2026 жылғы маусымда өткен «Білім беру және денсаулық сақтаудағы аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуразиялық орталық» (ЕАО) Аккредиттеу кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты институционалдық аккредиттеуден, сондай-ақ резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтіп, аккредиттеу талаптарында көзделген ең жоғары мерзім – 5 жылға аккредиттелді.
Институттың білім беру қызметінің сапасы жоғары бағаланып, келесі даярлау бағыттары бойынша 7 білім беру бағдарламасы бес жыл мерзімге аккредиттелді: «Ересектер және балалар кардиологиясы», «Ересектер және балалар эндокринологиясы», «Ересектер және балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы», «Ересектер және балалар ревматологиясы», «Ересектер және балалар аллергологиясы және иммунологиясы», «Ересектер және балалар пульмонологиясы» және «Терапия».
Ең жоғары мерзімге аккредиттеуден өту мамандар даярлау деңгейінің жоғары екенін, сондай-ақ институт ұжымының кәсіби, үйлесімді және мақсатты жұмысының нәтижесін айғақтайды.
Сыртқы сараптамалық бағалау барысында дәрігерлік практика мен ғылымдағы озық инновациялық технологиялар, білім беру бағдарламаларының заманауи ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі, білім беру, ғылым және клиникалық практиканың тиімді ықпалдастырылуы, сондай-ақ жоғары білікті медицина кадрларын даярлау бойынша жүйелі жұмыс ерекше атап өтілді.
«Біздің институттағы резидентура білім беру, ғылым және практикалық денсаулық сақтауды үздіксіз ықпалдастыру қағидатына негізделген. Резиденттер оқудың алғашқы күнінен бастап академиялық және клиникалық ортаға толыққанды тартылады. Олар профессорлық тексерулер мен ғылыми-практикалық талқылаулардың толыққанды қатысушылары болып табылады. Жас мамандарға тәжірибелі профессор-тәлімгерлердің бекітілуі терең зерттеушілік ойлау қабілеті мен пәнаралық өзара іс-қимыл дағдылары қалыптасқан жаңа буын клиницист-дәрігерлерді даярлауға мүмкіндік береді», – деді Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.
Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді бес жыл мерзімге алу институт ұжымының жетістіктерін маңызды мойындау болып табылады және КІАҒЗИ-дың ұлттық денсаулық сақтау жүйесі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын еліміздің жетекші ғылыми-клиникалық әрі білім беру орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте растады.
Источник: Министерство здравоохранения Республики Казахстан
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
7 июля 2026