Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Елордалық студент Аустралияда өткен чемпионатта алтын медаль жеңіп алды

gurk.kz

Елордалық студент Аустралияда өткен чемпионатта алтын медаль жеңіп алды

Astana Polytechnic жоғары колледжінің студенті Нұрлан Рамазан Аустралияда өткен «Global Skills Challenge Australia-2026» халықаралық чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған жарыста Нұрлан Рамазан «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша бақ сынап, өз шеберлігін дәлелдеді. Сонымен қатар, ол чемпионаттың Best of Nation арнайы марапатына ие болып, еліміздің абыройын халықаралық аренада асқақтатты.

Жеңімпазды жарысқа халықаралық сарапшы, Astana Polytechnic жоғары колледжінің оқытушысы Самир Керімов дайындады. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі жоғары бағаланып, халықаралық деңгейде зор жетістікке ұласты.

Айта кетерлігі, Astana Polytechnic жоғары колледжінің тағы бір студенті де чемпионатта табысты өнер көрсетті. Ол «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша бақ сынап, қола медаль иеленді.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
29 июня 2026

Новости по теме

Больше новостей