Шетелдік қауіп – табан астында!
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында орналасқан «Ғ.Мұратбаев» атындағы, «№32», «№28» жалпы орта мектептері, «Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық кәсіби колледжі», «Халықаралық туризм және меймандостық университетінің» білім алушыларымен шетелдерде діни білім алудың қауіптерін түсіндіру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды.Кездесуде мамандар шетелдерде білім алу кезінде жалған ақпаратқа және теріс идеологиялардың ықпалына тап болуы мүмкін екендігін атап өтті.Білім алушыларға тек ресми және расталған білім беру орталықтарына сену, сондай-ақ діни білімді тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілетті мекемелері мен тұлғаларынан алу ұсынылды.Мамандардың айтуынша, білім алушылар расталмаған әлеуметтік желілердегі теріс идеологияларды уағыздаушыларды тыңдап, теріс идеологияларға бет бұруда. Бұл әрі қарай экстремистік топтарға қосылуға себеп болуы мүмкін екенін атап көрсетті.Кездесу барысында, экстремистік және террористік топтардың қауіптері, олардың қоғам мен мемлекетке тигізетін зияны туралы баяндалып, олардың ықпалынан қорғану тәсілдері туралы сөз қозғалды.Жиын қорытындысымен білім алушыларға әлеуметтік желілерде экстремистік, террористік көзқарастағы бейнематериалдар мен мақалаларды жариялағаны, таратқаны, пікір қалдырғандары үшін қаралған жауапкершілік шаралары туралы түсіндірілді.Кездесулерге барлығы 1000-ға жуық білім алушылар қатыстырылды.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
2 июня 2026