ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ БАР
Enbek.kz электрондық еңбек биржасында Түркістан облысы бойынша 2 958 бос жұмыс орны тіркелген. Бос жұмыс орындары облыстың барлық аудан-қалаларында ұсынылған. Атап айтқанда, Түркістан қаласында – 544, Сарыағаш ауданында – 317, Сайрам ауданында – 294, Төлеби ауданында – 263, Түлкібас ауданында – 228, Қазығұрт ауданында – 173, Ордабасы ауданында – 159, Кентау қаласында – 144, Созақ ауданында – 126, Жетісай ауданында – 120, Сауран ауданында – 120, Отырар ауданында – 116, Шардара ауданында – 100, Бәйдібек ауданында – 77, Арыс қаласында – 65, Мақтаарал ауданында – 61, ал Келес ауданында 51 бос жұмыс орны бар.Облыс бойынша бос жұмыс орындарының ең жоғары көрсеткіші Түркістан қаласында тіркеліп, мұнда 544 вакансия ұсынылған. Одан кейін Сарыағаш, Сайрам және Төлеби аудандары орналасқан.Электрондық еңбек биржасындағы бос жұмыс орындары жұмыс іздеушілерге жұмыс берушілердің талаптарымен танысып, өзіне қолайлы қызметті таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар азаматтар портал арқылы түйіндемесін орналастырып, жұмыс берушілерге тікелей өтінім жолдай алады.Жұмыс іздеушілер
Enbek.kz порталынан өңір, аудан немесе қала бойынша бос жұмыс орындарын қарап, өз мамандығы мен тәжірибесіне сәйкес келетін вакансияға өтініш бере алады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
11 сентября 2026