Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауына қатысты жиын өтті

gurk.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауына қатысты жиын өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бастамалары, бағыттары түсіндірілді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында атап өткендей, еліміз орнықты дамуы үшін қоғамда жаңа этика орнығуы қажет. «Адал азамат» идеологиясы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек.

Сонымен бірге кеңейтілген аппарат отырысында Агенттіктің 2026 жылғы он ай жұмыс қорытындысы бойынша және алдағы кезеңге арналған жұмыс басымдықтары талқыланды. Оған аумақтық департаменттер басшылары қатысты.

Агенттік Төрағасы аумақтық департамент басшыларымен өткізген жиында алдағы жұмыс жоспарларының бағыт-бағдары айқындалды. «Агенттіктің алдында Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыру бойынша үлкен міндет тұр. Осы міндет аясында Агенттіктің аумақтық департаменттері жергілікті жерлердегі мемлекеттік аппараттың жай-күйін бақылап, оның тиімділігін арттыруға атсалысуы керек. Мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіру және кәсібилендіру, мемлекеттік қызметтегі әдеп пен жауапкершілік талаптарын күшейту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізу, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мен профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, орталық және аумақтық департаменттердің жұмысындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету», - деді Д.Жазықбай.

Агенттік басшысы өңірлердегі мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жұмыстарын жандандыру қажеттігіне ерекше назар аударып, Әдеп жөніндегі кеңес жұмысын жетілдіру, қоғамға ашықтығын қамтамасыз ету, кадрлық процестерді цифрландыру, мемлекеттік қызметке жастар мен жеке сектор мамандарының келуін жеңілдету, «eQyzmet» жүйесіндегі жаңа іріктеу жүйесі туралы айтып, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыруды іске асыру мәселелері туралы нақты тапсырмалар берді.

Источник: Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 ноября 2026

Новости по теме

Больше новостей