Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

ДӘРІЛІК ЗАТТЫ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ ЖӘНЕ ПРЕПАРАТТАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН АЛУҒА БОЛАДЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫМДАРЫ

gurk.kz

ДӘРІЛІК ЗАТТЫ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ ЖӘНЕ ПРЕПАРАТТАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН АЛУҒА БОЛАДЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫМДАРЫ

Қазақстандықтарға дәрілік заттарды қауіпсіз сатып алу, олардың түпнұсқалығын тексеру және қандай жағдайларда препараттар мемлекеттің есебінен берілетіні туралы түсіндірілді.Дәрілік затты сатып алар алдында Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше негізгі мәселеге назар аударуды ұсынады: препарат Қазақстанда тіркелген болуы, қаптамасы бүтін, жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген және сақтау шарттары белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.Сондай-ақ қаптамадан препараттың атауын, дозасын, дәрілік түрін және таңбалануын тексеру қажет. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болуы тиіс.Дәрілік заттың тіркелгенін Мемлекеттік дәрілік заттар тізілімі — register.ndda.kz арқылы тексеруге болады. Препараттың түпнұсқалығын және оның таңбалау жүйесіндегі мәртебесін DariKz және Naqty Onim қосымшалары арқылы қосымша тексеруге болады. Дәрілік заттарды тек оларды сатуға құқығы бар дәріханалардан және басқа да тиісті орындардан сатып алу ұсынылады. Әлеуметтік желілер, хабарландырулар және белгісіз интернет-сайттар арқылы дәрі-дәрмек сатып алғанда аса сақ болған жөн.

Источник: Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
23 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей