ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНЕН БАҒАСЫ 1 АЕК-ТЕН ТӨМЕН ПРЕПАРАТТАР ШЫҒАРЫЛАДЫ
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын кезең-кезеңімен ырықтандыру шеңберінде құны 1 АЕК-ке дейінгі, яғни 4 325 теңге болатын дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеу жүйесінен шығаруда.Бұл шара бәсекелестікті дамытуға, дәрілік заттардың ассортиментін кеңейтуге және олардың халық үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Нәтижесінде 1 200-ден астам дәрілік заттың бағасы нарықтық тетіктердің негізінде қалыптастырылатын болады.Бағасы төмен дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеуінен шығару нарық қатысушыларына сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, бағаны өз бетінше қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бағаларды кезең-кезеңімен ырықтандыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 4 қыркүйектегі №105 бұйрығымен көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде бағасы реттелуге жататын дәрілік заттар тізбесіне өзгерістер енгізілді.
Жаңартылған тізбеге сәйкес мемлекеттік баға реттеуіне жататын позициялардың саны 3 039-дан 1 827-ге дейін қысқартылды.
Осылайша, мемлекеттік реттеу неғұрлым нысаналы сипатқа ие болып, халық үшін қолжетімділігін қосымша қорғауды қажет ететін дәрілік заттарға шоғырландырылады.Дәрілік заттардың бір бөлігін нарықтық баға белгілеу тетіктеріне көшіру фармацевтикалық нарық мониторингін күшейтумен қатар жүргізіледі.Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, бағаларды мониторингтеу және бақылау тетіктерін, оның ішінде тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жетілдіру мәселесін пысықтауда.Цифрлық құралдар дәрілік заттардың қозғалысын қадағалауға және олардың айналымының әртүрлі кезеңдеріндегі нақты бағаларды талдауға мүмкіндік береді.Бұл бағаның негізсіз өсуінің ықтимал белгілерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.2024 жылғы шілдеде міндетті таңбалау енгізілгеннен бері жүйе арқылы шамамен 1,1 млрд қаптама дәрілік зат өткізілді. Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар үшін дәрілік заттардың баға тұрғысынан қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырады. Дәрілік заттардың белгіленген шекті бөлшек сауда бағасының асып кеткен фактілері анықталған жағдайда, DariKZ мобильдік қосымшасы арқылы растайтын материалдарды (тауар чегі мен дәрілік заттың қаптамасын) қоса тіркеп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне өтініш жіберуге болады.
Источник: Министерство здравоохранения Республики Казахстан
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
16 сентября 2026