Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Айыппұл, қамау және бас бостандығынан айыру: Астанада сот шешімін орындамағандарға қандай жаза қолданылатыны айтылды

gurk.kz

Айыппұл, қамау және бас бостандығынан айыру: Астанада сот шешімін орындамағандарға қандай жаза қолданылатыны айтылды

Сот шешімдері міндетті түрде орындалуы керек. Егер адам немесе ұйым сот шешімін өз еркімен орындамаса, оны мемлекеттік немесе жеке сот орындаушылары орындайды. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес атқару құжаттарына атқару парақтары, сот бұйрықтары, заңда көзделген жағдайларда соттардың ұйғарымдары мен қаулылары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі уәкілетті органдардың қаулылары, атқару жазбасы, сондай-ақ заңнамада тікелей көзделген өзге де құжаттар жатады. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Мөлдір Есенқұлова мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, көрсетілген заңның 32-бабына сәйкес сот орындаушысы атқарушылық құжатты орындау үшін уақтылы шаралар қабылдауға міндетті. Атқарушылық іс қозғалған соң борышкер оның талаптарын белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

Заңнама мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының өкілеттіктерін шектейді. Заңның 126-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сот орындаушысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға құқылы. Жеке сот орындаушысының мұндай құқығы жоқ.

Бірақ заңның 148-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, негіздер болған кезде жеке сот орындаушысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін материалдарды аумақтық әділет органына жібереді.

«Заңның 125-бабына сәйкес, егер борышкер шешімді орындамаса, ол әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл ретте шешімді орындау міндеті сақталады. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша сот шешімін немесе атқарушылық құжатты орындамағаны үшін, егер қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Жеке тұлғалар үшін 5 АЕК айыппұл, қоғамдық жұмыстар 20 сағатқа дейін немесе әкімшілік қамауға алу 5 тәулікке дейін көзделген. Лауазымды тұлғалар үшін айыппұл 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері үшін – 30 АЕК, орта бизнес үшін – 40 АЕК, ірі бизнес үшін – 50 АЕК құрайды.

Осы жылдың 8 айында Астана қаласы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушылары 330 әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде 269 борышкер айыппұл алды, 56-сы қамауға алынды, тағы 5 іс соттың қарауында», – дейді спикер.

Сот шешімі ұзақ уақыт орындалмаған жағдайда қылмыстық жауаптылық көзделген. ҚР ҚК 430-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер үкім, сот шешімі немесе атқару құжаты алты айдан артық орындалмаса не оны орындау үшін кедергілер туындаса, 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Алимент өндіруге ерекше назар аударылады, өйткені бұл балалардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, табыс болмаған кезде берешек Қазақстан Республикасындағы орташа жалақыны ескере отырып есептеледі. Бұл ретте сот орындаушысы борышкердің табыс көздерін, мүлкін, шоттарын және жұмыс орнын анықтайды.Алимент өндіріп алу туралы сот актісін орындамағаны үшін, егер қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, борышкер ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

«Биыл Астана қаласы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушылары алимент бойынша 119 әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде 72 борышкер айыппұл алды, 47 борышкер – 3-тен 5 тәулікке дейін қамауға алынды.

Алиментті ұзақ уақыт төлемеген жағдайда ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды. Егер ата-ана үш айдан астам уақыт бойы алимент төлемесе, оларға 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар тағайындалуы, бостандықты шектеуі немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ ҚР ҚК 430-бабы қолданылуы мүмкін.

Сот орындаушыларының басты міндеті – борышкерді жауапқа тарту ғана емес, сот шешімінің орындалуына қол жеткізу. Айыппұл немесе қамауға алу – бұл сот талаптарын орындамайтындарға ықпал ету шаралары», – деп департамент басшысы сөзін түйіндеді.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
11 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей