Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Терроризмге қарсы әрекет – әрбір азаматтың жауапкершілігі

gurk.kz

Терроризмге қарсы әрекет – әрбір азаматтың жауапкершілігі

Шардара аудандық білім бөлімі және Ордабасы аудандық көпбейінді орталық ауруханасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу және террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.Жиналысқа аудандық ТҚК аясында құрылған жұмысшы топ мүшелері мен ҰҚК бөлімдерінің қызметкерлері қатыстырылды.Кездесулер барысында ең алдымен террористік қатерлер, олардың жасалу жолдары мен қауіп туындаған кездегі алғашқы әрекет ету реттілігі түсіндірілді.Қазіргі таңда ең белсенді болып тұрған күдікті ұшқышсыз ұшу аппараттары мен күдікті, иесіз заттар анықталған жағдайда жасалуы тиіс алгоритм әрекеттері көрсетілген бейнематериалдар ұсынылды.Сонымен бірге, террористік актілер туралы жалған хабарламалардың да көптеп кездесуі орын алып жатқандықтан, іс әрекеттің құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ ондай мәлімет келіп түскен кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарлау туралы ақпараттар жеткізілді.Жиналыс соңында, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптары түсіндіріліп, объектілерді зерделеу жұмыстары жүргізілді және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізілді.Жиналыс қорытындысымен қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауапты сала мамандары тарапынан жауаптар беріліп, мәселелері талқыланды.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
16 августа 2026

Новости по теме

Больше новостей