Астанада Қабанбай батыр даңғылы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Астанада Қабанбай батыр даңғылының Қалқаман көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 7-8 тамыз күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
6 августа 2026