Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

ҚАЗАҚСТАН ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕР ЖАҚСАРДЫ

gurk.kz

ҚАЗАҚСТАН ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕР ЖАҚСАРДЫ

Қазақстан БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу жөніндегі әлемдік рейтингтегі өз позициясын жақсартты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміз 169 мемлекеттің ішінде 67-орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда бірден 3 сатыға көтерілді. Ең елеулі ілгерілеу денсаулық сақтау саласында байқалды: халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты, нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім төмендеді, сондай-ақ туберкулезбен сырқаттанушылық айтарлықтай азайды.Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттары халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған 17 жаһандық мақсатты біріктіреді. Солардың ішіндегі негізгі бағыттардың бірі – №3 мақсат – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат».Қазақстан 2015 жылдан бері Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кезең-кезеңімен енгізіп, дәйекті түрде іске асырып келеді. Қазіргі таңда ұлттық мониторинг жүйесі 280 индикаторды қамтиды, оның ішінде 205-і – жаһандық, 75-і – ұлттық көрсеткіштер. «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты бойынша 29 көрсеткішке мониторинг жүргізіледі.Денсаулық сақтау бағыты бойынша ТДМ-ның жаһандық индексін есептеу кезінде 14 негізгі көрсеткіш бағаланады. Олардың басым бөлігі бойынша Қазақстан оң серпін көрсетуде.

Атап айтқанда, неонаталдық өлім коэффициенті 9,3%-ға төмендеді. Сондай-ақ бес жасқа дейінгі балалар өлім-жітімінің көрсеткіші 2,1%-ға азайды.Ең маңызды нәтижелердің бірі – бір жыл ішінде туберкулезбен сырқаттанушылықтың 36%-ға төмендеуі болды.

Экологиялық факторлармен байланысты денсаулық көрсеткіштері де жақсаруда. Атмосфералық және тұрмыстық ауаның ластануына байланысты өлім 29%-ға төмендеді.Тағы бір маңызды көрсеткіш – халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығының 0,3 жылға артуы.Сонымен қатар, 15–19 жас аралығындағы қыздар арасындағы жасөспірімдер жүктілігінің көрсеткіші 12,7%-ға төмендеп, оң динамика байқалды.

Қол жеткізілген нәтижелер денсаулық сақтау жүйесін дамыту, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту, ана мен бала денсаулығын қорғау, әлеуметтік мәні бар аурулармен күресу және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Источник: Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
3 июля 2026

Новости по теме

Больше новостей