МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАДЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТ
Бүгін Ақордада медицина қызметкерлерін салтанатты түрде ұлықтау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының үздік өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті. Барша медицина қауымдастығы үшін Президенттің ұлт денсаулығы мемлекеттің ең жоғары құндылығы, ал денсаулық сақтау жүйесін дамыту елдің стратегиялық міндеттерінің бірі екендігі туралы айтқан сөзі ерекше маңызға ие.
Президент барлық медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі және өз мамандығына адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерінің конституциялық мәртебеге ие болып, еліміздің Ата заңында бекітілуі де ерекше маңызды. Бұл адам өмірі мен денсаулығын сақтау мемлекеттің сөзсіз басымдығы әрі мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін көрсетеді.
#МедицинаҚызметкеріКүні #ҚРДенсаулықсақтауы #ҰлтСаулығы #ҰлтСаулығыЕлБолашағы #Президент
Источник: Министерство здравоохранения Республики Казахстан
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
23 июня 2026