Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

М. Құсайынов атындағы лицей-интернат еліміздің «Үздік 100 олимпиадалық мектеп» қатарына енді

gurk.kz

М. Құсайынов атындағы лицей-интернат еліміздің «Үздік 100 олимпиадалық мектеп» қатарына енді

2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша М. Құсайынов атындағы Актөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты «Қазақстанның 100 үздік олимпиадалық мектебі» рейтингіне енді.

Бұл жетістік білім беру сапасының тұрақтылығын және педагогикалық ұжымның жүйелі еңбегін айқын дәлелдейді. Аталған рейтинг салыстырмалы түрде жаңа бағалау құралы болғанымен, лицей-интернат соңғы бес жыл бойы еліміздің ең мықты олимпиадалық мектептері қатарынан тұрақты орын алып, өңірдің көшбасшы білім ордаларының бірі екенін дәлелдеп келеді.

Бұл оқу орнының тарихы 1956 жылдан бастау алады. Биыл лицей-интернат өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы жылдар ішінде ол үлкен даму жолынан өтіп, Актөбе облысының жетекші білім беру орталықтарының біріне айналды. Мектеп мыңдаған түлектерді тәрбиелеп шығарды, олардың көпшілігі бүгінгі таңда ғылым, білім, мемлекеттік қызмет және өзге де салаларда табысты еңбек етуде.

Бүгінде мұнда Актөбе облысының түрлі аудандары мен қалаларынан келген 450 оқушы білім алуда . Материалдық-техникалық база үш корпустан тұрады: оқу корпусы, спорт залы және 250 орынға арналған жатақхана . Оқыту 7–11 сыныптар аралығында жүргізіледі.

Биылғы оқу жылында лицейді 65 түлек аяқтауда, олардың 9-ы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Лицейдің жетістіктерінде пәндік олимпиадалардағы нәтижелер ерекше орын алады. Соңғы жетістіктер қатарында республикалық деңгейдегі медаль иегерлері бар:

Асемгүл Жақсығали — алтын медаль Ақторғын Сағызғалиева — қола медаль Бауыржан Аманбай — қола медаль

Бұл оқушылар тек республикалық деңгейдің жүлдегерлері ғана емес, сонымен қатар облыстық олимпиадалар мен зияткерлік байқаулардың жеңімпаздары болып табылады. Облыстық кезеңде де лицей командасы жоғары нәтиже көрсетіп, 31 медаль жеңіп алды және «Ең үздік олимпиадалық команда» атағына ие болды.

Бүгінде М. Құсайынов атындағы лицей-интернат Актөбе облысындағы білім беру саласының алдыңғы қатарлы ордаларының бірі болып саналады. Бай дәстүрлерді, заманауи оқыту тәсілдерін және жоғары академиялық нәтижелерді ұштастырған оқу орны 70 жылдық мерейтойы қарсаңында өз мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Источник: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
11 июня 2026

Новости по теме

Больше новостей