Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Спорт саласындағы мамандарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді»

gurk.kz

«Спорт саласындағы мамандарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді»

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Қанат Мангубаевтың бастамасымен, облыс аумағындағы спорт мектеп басшылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.Іс-шараға Маңғыстау облысы дін істер басқармасы жанындағы «Айрақты көмек орталығы» жекеменшік мекемесінің теолог-маманы исламтанушы Басбақов Жәнібек теолог маман Жолдасбайұлы Нұрбек және облыс аумағындағы спорт мектебі басшылары қатысты.Жиында аталған қызметкерлер радикалды идеологиялардың белгілері туралы жан-жақты түсіндіріп, экстремистік ұйымдардың жастар санасына әсер ету үшін қолданылатын манипуляциялық әдістерін атап өтті және оларды дер кезінде тану жолдарымен бөлісті.Сонымен қатар, спикерлер шара қатысушыларға адамгершілік, рухани құндылықтар, тәрбиенің маңызы және діннің қоғамдағы рөлі жайында маңызды мәліметтер айтылды.Шара соңында қатысушылар өздерінің ойлары мен сұрақтарын ортаға салып, қажетті мағлұмат алып, ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.

Маңғыстау облысы Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
4 июня 2026

Новости по теме

Больше новостей