Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Тоқаев Путинмен кездеседі

exclusive.kz

Тоқаев Путинмен кездеседі

19 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары кездесіп, екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды. Сондай-ақ, 24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады. Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады. Фото: Коммерсантъ
  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
26 апреля 2024