Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

gurk.kz

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғындармен өткізілген көшпелі кездесулердің қорытындылары, көліктегі бақылау және ауыр салмақты көліктерді бақылауды автоматтандыру, сондай-ақ, мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Шымкент қаласының әкімі аппаратының хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау бөлімінің басшысы Жазира Байменованың айтуынша, биылғы III тоқсанда тұрғындармен 20 көшпелі кездесу өткізілген. Оларға шамамен 2 мың қала тұрғыны қатысып, 898 өтініш пен ұсыныс түскен.

Өтініштердің басым бөлігі инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымына, жер және тұрғын үй мәселелеріне, абаттандыруға қатысты болды. Сонымен қатар тұрғындар қоғамдық көлік, балалар ойын алаңдары, кәріз жүйесі, жер учаскелерін заңдастыру және баспана кезегіне тұру мәселелерін көтерді.

2023-2026 жылдар аралығында барлығы 227 көшпелі кездесу өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 5,6 мың өтініш түскен. Оның 4 315-і немесе 77,1 пайызы орындалды, 1 285 өтініш қазіргі таңда атқарылуда.

Шымкент қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ербол Сырғабековтің мәліметінше, қалада 560 мыңнан астам автокөлік тіркелген, оның 40 915-і – жүк көлігі.

Жыл басынан бері инспекция қызметкерлері 7,1 мың жүк көлігін тексерген. Оның ішінде 4,8 мыңы – шетелдік, 2,3 мыңы отандық тасымалдаушыларға тиесілі. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 2 871 әкімшілік хаттама толтырылып, 300,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Сонымен қатар, қалада үш автоматтандырылған өлшеу станциясы жұмыс істейді. Олардың көмегімен 1,8 мыңнан астам заң бұзушылық анықталып, 1 245 нұсқама берілді, 207 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Жыл соңына дейін тағы алты станцияны іске қосу жоспарлануда.

Қалада, сондай-ақ, 14 карьерлік кәсіпорын жұмыс істейді. Рейдтер мен тексерулер барысында 613 жүк көлігі тексеріліп, 411 әкімшілік хаттама толтырылған. Нәтижесінде 30,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Алдағы уақытта атқарылар шаралар қатарында автоматтандырылған станциялар желісін кеңейту және карьерлерге салмақ өлшейтін жабдықтар орнату көзделген.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Айдар Пәрдебекұлының айтуынша, қаладағы эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Жылдың 8 айында инспекция тарапынан 2 117 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 210 әкімшілік хаттама толтырылған, 9,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Ішкі сауда нысандарын тексеру барысында белгіленген шектеулерді бұзып әкелінген 12 510 тауық жұмыртқасы, сондай-ақ, ветеринариялық құжаттары жоқ 15,7 кг шұжық өнімдері анықталып, жойылды. Заң бұзушылықтар бойынша 324 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, малды белгіленбеген орындарда сою фактілері бойынша 14 әкімшілік хаттама толтырылды, 692 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, өндірілді.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты тұлғаларға тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуді күшейтуді, ауыр жүк көліктері мен карьерлік кәсіпорындардың қызметіне бақылауды кеңейтуді, сондай-ақ, ветеринариялық бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Источник: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
22 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей