ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ВИРТУАЛДЫ КЕҢЕСШІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастарға арналған, жасанды интеллект негізіндегі виртуалды кеңесші чат-ботын әзірледі.Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсететін виртуалды кеңесшінің мақсаты – жастарға мемлекеттік қолдау шаралары, гранттар, жұмыспен қамту, білім алу, кәсіпкерлік және басқа да мүмкіндіктер туралы өзекті әрі түсінікті ақпарат ұсыну.Чат-ботта жастарды қолдауға бағытталған 17 мемлекеттік бағдарлама қамтылған:1. Tech Orda бағдарламасы;2. «Отбасы банк» АҚ-ның жастарды қолдау бағдарламалары;3. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясындағы жұмыс орындары;4. Жас ғалымдарға жыл сайынғы гранттар бөлу;5. «Дипломмен – ауылға» жобасы;6. Әлеуметтік жұмыс орындары;7. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар;8. Жастар практикасы;9. Қоғамдық жұмыстар;10. Өңірлік кадр резервін қалыптастыру;11. Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру;12. Жас ғалымдарға арналған несие беру бағдарламасы;13. «Мамандығым – болашағым» жобасы;14. «Серпін» жобасы;15. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясындағы жұмыс орындары;16. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы;17. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы.18.Виртуалды кеңесші жастардың жеке сұранысына сәйкес қажет бағдарламаны жылдам табуға, мемлекеттік гранттар, стипендиялар, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және психологиялық көмек туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Источник: ГУ "Аппарат акима города Шымкент"
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
21 сентября 2026