Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

ШЫМКЕНТТЕ 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫҢ ТІЗЕ БУЫНЫ СӘТТІ АУЫСТЫРЫЛДЫ

gurk.kz

ШЫМКЕНТТЕ 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫҢ ТІЗЕ БУЫНЫ СӘТТІ АУЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада 76 жастағы науқасқа тізе буынын толық эндопротездеу отасы сәтті орындалды.

Бұл – науқастың қозғалысын шектеп, күнделікті өміріне айтарлықтай кедергі келтірген ауыр дерттің салдарын жоюға бағытталған жоғары технологиялық медициналық көмек.

Науқасқа екі тізе буынының деформациялаушы гонартрозы диагнозы қойылған. Аурудың асқынуына байланысты екі тізесінде ұзақ уақыт бойы қатты ауырсыну байқалып, қозғалысы шектелген. Тіпті өздігінен жүруі де қиындап кетеді.

Кешенді тексеру нәтижесінде дәрігерлер зақымданған тізе буынын жасанды эндопротезге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Операцияны травматолог-ортопед дәрігерлер Нұржан Естемесов және Ерболат Абдрахманов жоғары кәсіби деңгейде орындады.

Ота сәтті өтті, қазіргі таңда науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, оңалту емін қабылдауда.

Тізе буынын эндопротездеу – гонартроздың ауыр сатыларында қолданылатын тиімді емдеу әдістерінің бірі. Ота зақымданған буынның қызметін қалпына келтіруге, ауырсынуды азайтуға және адамның өздігінен қозғалу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.

76 жастағы науқас үшін бұл ота – тек медициналық ем емес, қозғалыс еркіндігін қайта қалыптастыруға және өмір сапасын жақсартуға жасалған маңызды қадам.

Қалалық №1 клиникалық аурухананың мамандары заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып, күрделі ортопедиялық оталарды жоғары деңгейде орындап келеді.

Источник: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
7 сентября 2026

Новости по теме

Больше новостей