ТҮРКІСТАНДА ТІЛ МӘРТЕБЕСІН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Мерекелік бағдарлама барысында жастар қазақ тілінің қасиеті мен қадірін жырлаған Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым», Мұзафар Әлімбаевтың «Ана тілі», Қадыр Мырза Әлидің «Ана тілің – арың бұл» шығармаларын мәнерлеп оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.Сонымен қатар этномәдени бірлестіктер өкілдері ана тілін сақтау мен дамыту, тіл әралуандығы және көптілді қоғамдағы өзара құрметтің маңызы жөнінде ой бөлісті.
Шараның көркемдік бөлігінде «Самғау» тобының «Өрлеу» биі, Жазира Сабированың «Қазақстаным» әні, «Достық» дуэтінің «Қардошлар» әні, «Карабах» ән тобының қазақ және әзірбайжан тілдеріндегі «Жаса, менің халқым» әні және түрік тіліндегі музыкалық шығармалар орындалды.
Мерекелік шара аясында тілдерді дамыту мен насихаттауға, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосып жүрген азаматтар Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі және Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының атынан Алғыс хаттарымен марапатталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
- Сентябрь, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Новости по дням
5 сентября 2026