Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ 51 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

gurk.kz

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ 51 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Бүгін, Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні Шымкент қаласында 51 сәби дүниеге келді. Оның 26-сы – қыз бала, 25-сі – ұл бала. Сондай-ақ бір егіз дүниеге келді.

Қазіргі таңда дүниеге келген сәбилер мен аналардың жағдайы жақсы. Ана мен балаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер олардың денсаулығын жіті бақылауда ұстап отыр.

Айта кетейік, бүгін таңертеңнен бастап Шымкент қаласындағы перзентханаларда сайлауға қатысу мүмкіндігі ұйымдастырылды. Босанған және босануды күтіп жатқан аналар дауыс беру учаскелеріне барып, өз таңдауын жасады. Ал жүріп-тұруы қиын әйелдер үшін учаскелік комиссия мүшелері палаталарды аралап, дауыс беруге жағдай жасады.

Осылайша, перзентханада жатқан аналар да өздерінің азаматтық құқықтарын жүзеге асырып, ел болашағына қатысты таңдауын жасады.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты төрт медициналық ұйымда босанушы әйелдер үшін дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласында 14 388 сәби дүниеге келген.

Источник: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
23 августа 2026

Новости по теме

Больше новостей