Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Еңбек ардагері Өркен Абдреев Құрылтай сайлауында дауыс берді

gurk.kz

Еңбек ардагері Өркен Абдреев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Шымкент қаласында Құрылтай сайлауы басталды. Таң сәріден сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатқан азаматтардың қатарында еңбек ардагері, қоғам белсендісі Өркен Абдреев те бар.

Ол №142 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Сайлау учаскесі 15-шағын аудан, №2А үйдегі №24 мектеп-лицейде орналасқан.

Еңбек ардагерін сайлау учаскесінің комиссия төрайымы құрметпен қарсы алып, оған шапан жауып, ізет көрсетті.

Өз таңдауын жасаған Өркен Абдреев елдің болашағы үшін маңызды саяси науқанға әр азаматтың белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті.

Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылып, азаматтарға өз таңдауын жасауға барлық жағдай жасалған.

Источник: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
23 августа 2026

Новости по теме

Больше новостей