ТОҒЫС ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ҚАЗЫҒҰРТ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛУДА
Тоғыс тұрғын алабында орналасқан Қазығұрт мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңарту 2026 жылдың маусым айында басталды. Қазіргі таңда мұндағы құрылыс-монтаж жұмысы сәйкес жүргізілуде.
Жоба аясында ғимараттың сыртқы электрмен жабдықтау және сыртқы жарықтандыру желілері жаңартылып, аумақтағы асфальт жабыны ауыстырылады. Сонымен қатар, абаттандыру және көгалдандыру жұмысы жүргізіліп, шағын сәулет нысандары орнатылады, қоршаулар жаңартылады. Бұдан бөлек, ғимараттың іші толық әрленіп, есік-терезелері жаңасына ауыстырылады.
Аталған нысан өтпелі құрылыс болып табылады. Қайта жаңарту жұмысын 2027 жылы толық аяқтап, мәдениет үйін тұрғындар игілігіне беру жоспарланып отыр. Осылайша жаңартылған нысанда тұрғындардың мәдени-рухани өмірін дамытуға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалады.
Источник: ГУ "Аппарат акима города Шымкент"
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz
- Последние
- Популярные
Новости по дням
11 августа 2026