Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 150-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

gurk.kz

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 150-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков басқарма басшыларымен және аудан әкімдерімен бірге азаматтарды кезекті жеке қабылдады. Қабылдау барысында 150-ден астам тұрғын әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй және жер қатынастары, аумақтарды абаттандыру, сондай-ақ, көлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері бойынша өтініштерін білдірді. Әр азаматтың өтініші бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Олардың мәселесін жан-жақты қарау үшін жауапты орындаушылар белгіленіп, нақты орындау мерзімдері бекітілді. Тапсырманың барлығының орындалуы қала әкімінің жеке бақылауында болады. Қабылдау аясында кәсіпкерлердің мұқтаж отбасыларға атаулы көмек көрсетуге және балаларды жаңа оқу жылына дайындау бойынша әлеуметтік бастамалары да қаралды. Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау тұрақты өткізіліп келеді және тұрғындардың өтініштерін жедел қараудың, сондай-ақ, халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды тетігі болып қала береді.

Источник: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
16 июля 2026

Новости по теме

Больше новостей