Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫНДА CEREBRA ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ

gurk.kz

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫНДА CEREBRA ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында инсультті ерте анықтауға арналған CEREBRA жасанды интеллект жүйесі кезең-кезеңімен медициналық ұйымдарға енгізілуде. Заманауи технология жуырда қалалық №1 клиникалық ауруханада да іске қосылды. CEREBRA жүйесі мидың компьютерлік томографиясы (КТ) нәтижелерін автоматты түрде талдап, ишемиялық және геморрагиялық инсульттің алғашқы белгілерін анықтауда дәрігерлерге жедел көмек көрсетеді. Бұл диагностиканың дәлдігі мен жылдамдығын арттырып, науқасқа уақытылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Инсульт кезінде әр минут маңызды. Уақтылы қойылған диагноз және емнің ерте басталуы ми жасушаларын сақтап қалуға, ауыр асқынулардың алдын алуға және науқастың өмірін сақтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект дәрігердің орнын алмастырмайды. Ол – дәрігердің сенімді көмекшісі. Соңғы диагнозды қою және емдеу тактикасын анықтау әрдайым білікті дәрігердің құзырында. Ал CEREBRA жүйесі күрделі клиникалық жағдайларда шешім қабылдауға қосымша қолдау көрсетіп, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Айта кетейік, бұған дейін CEREBRA жасанды интеллект жүйесі қалалық №2 ауруханада енгізілген болатын. Осылайша, Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында цифрлық технологиялар жүйелі түрде енгізіліп, тұрғындарға сапалы әрі жедел медициналық көмек көрсету мүмкіндігі кеңейіп келеді.

Источник: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
15 июля 2026

Новости по теме

Больше новостей