Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Таза Қазақстан»: Астанада жастар экологиялық мәдениетті әдебиет арқылы дәріптеді

gurk.kz

«Таза Қазақстан»: Астанада жастар экологиялық мәдениетті әдебиет арқылы дәріптеді

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Экологиялық әдебиет: табиғат үні» атты эко-лекторий өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсат-міндеттерімен үндесіп, жастардың табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, кітап оқу мәдениетін дамытуға және әдебиет арқылы табиғатқа жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Эко-лекторий барысында табиғатты қорғаудағы білім мен әдебиеттің рөлі, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және кітаптан алынған білімді күнделікті өмірде қолдану мәселелері талқыланды. Қатысушылар сарапшылардың пікірін тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Кездесу жастардың экологиялық дүниетанымын кеңейтуге, ғылыми әдебиетке қызығушылығын арттыруға және «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау бастамаларына белсенді қатысуға ынталандыруға мүмкіндік берді.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
20 ноября 2026

Новости по теме

Больше новостей