Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

Cпорт саласының қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті

gurk.kz

Cпорт саласының қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті

Дене шынықтыру және спорт саласындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Түркістан қаласындағы «Достық» үйінің мәжіліс залында облыстағы спорт саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту семинары өтті.

Іс-шара Түркістан облыстық Терроризмге қарсы комиссиясының аясында өткізілді.

Семинарға ҰҚКД ТҚО бөлімінің қызметкерлері, дін істері мен дене шынықтыру және спорт басқармалары, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің мамандары, сондай-ақ облыс аумағындағы барлық спорт мектептерінің басшылары қатысты.

Оқыту барысында спорт саласы қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жас спортшылар мен жаттықтырушылар арасында теріс идеологиялардың алдын алу және анықтау мәселелері қамтылды.

Семинар барысында ДМЗО мамандары Д.Оспанов пен Б.Шоманов, психолог Н.Серғазиев өз бағыттары бойынша ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара аясында спорт саласы өкілдеріне діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ақпараттық қауіпсіздік, жастармен профилактикалық жұмыстар жүргізу және түрлі әлеуметтік-психологиялық жағдайларда тиімді әрекет ету бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Мұндай оқыту семинарлары спорт саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, жастар арасында салауатты құндылықтарды қалыптастыруға және қауіпсіз әлеуметтік орта құруға ықпал етеді.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
12 октября 2026

Новости по теме

Больше новостей