Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

«Асқақтай бер, Астана!»: елордалық балабақшада мерекелік іс-шара өтті

gurk.kz

«Асқақтай бер, Астана!»: елордалық балабақшада мерекелік іс-шара өтті

Астанада қала күні мерекесіне орай Президент орталығында №53 «Мерей» балабақшасының ұйымдастыруымен «Асқақтай бер, Астана!» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында балабақшаның дарынды тәрбиеленушілері ұлттық рухты асқақтататын мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік кеште шырқалған патриоттық әндер, орындалған ұлттық күйлер мен әсерлі көркем қойылымдар туған елге деген сүйіспеншілікті, халқымыздың бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттады. Әрбір өнер нөмірі бүлдіршіндердің табиғи таланты мен шығармашылық қабілетін ғана емес, олардың бойындағы отансүйгіштік рухты да айқын көрсетті.

Бұл тағылымды іс-шара – жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулып, елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған жүйелі еңбектің жарқын нәтижесі. Балалардың сахнадағы жетістіктерінің негізінде кәсіби шеберлігі жоғары педагогтердің тынымсыз еңбегі мен ата-аналардың қолдауы жатыр.

Президент орталығында өткен мерекелік концертке жиналған қонақтар жас өнерпаздардың өнеріне жоғары баға беріп, олардың сахна мәдениетіне, орындаушылық шеберлігіне және ұлттық өнерге деген құрметіне ризашылықтарын білдірді.

№53 «Мерей» балабақшасы тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеуді басты бағыттарының бірі ретінде жүйелі түрде орындап келеді. Осындай игі бастамалар арқылы өскелең ұрпақтың бойында туған елге деген мақтаныш, ұлттық сана мен адамгершілік қасиеттер қалыптасады.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
6 июля 2026

Новости по теме

Больше новостей