Наш веб-сайт использует файлы cookie, чтобы предоставить вам возможность просматривать релевантную информацию. Прежде чем продолжить использование нашего веб-сайта, вы соглашаетесь и принимаете нашу политику использования файлов cookie и конфиденциальность.

eGov арқылы автокөліктен кепілді жылдам алып тастауға болады

exclusive.kz

eGov арқылы автокөліктен кепілді жылдам алып тастауға болады

Қазір тиісті жоба дайындалуда.

Автокөліктен кепілді тіркеу және алып тастау қызметі электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді болады. Қазіргі уақытта жоба дайындалуда, деп хабарлады Алматы полиция департаменті Informburo.kz сайтының сауалына берген жауабында, хабарлайды Exclusive.kz.

«Қазіргі таңда «Жылжымалы мүлікке кепілді тіркеу туралы» Заңның талаптарына сәйкес көлік құралдарындағы кепілдер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде тіркеледі. Тиісті органдар берген құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі деректер базасына шектеулер қосылады және алынып тасталады. Сондай-ақ, пилоттық жоба бойынша кейбір екінші деңгейлі банктер кепілді электронды түрде тіркеп, алып тастайды», – деп жазылған сауалға жауапта.

Бүгінгі таңда мүліктен кепілді алып тастаудың автоматтандырылған процесі тек төрт банкте жұмыс істейді: «Отбасы Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Bank Freedom Finance Kazakhstan» АҚ. Тағы төрт екінші деңгейлі банктермен сынақ жұмыстары жүргізілуде.

Фото: Автокод

  • Последние
Больше новостей

Новости по дням

Сегодня,
2 мая 2024

Другие новости

Больше новостей